Жеңілдетілген автонесие алаяқтардың жаңа айласына айналды

Телефон алаяқтары қазақстандықтарға жеңілдетілген автонесиені ұсынып хабарласа бастаған. Олар өздерін банк немесе автосалон қызметкерлеріміз деп таныстырып, қысқа мерзімде іс қағаздарын жүргізуге көмектесеміз деп уәде береді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әңгімелесушінің психологиясын зерттеген алаяқтар одан жеке деректерін (банк деректемелері, шот нөмірлері, CVC кодтары) алуы мүмкін.  Азаматтарды сақ болуға, үшінші тұлғамен сөйлескенде құпия жеке мәліметтерді айтпауға шақырамыз», — деді Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры Дәурен Дайыров.

Прокурор адамды алдау немесе сеніміне қиянат жасау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін ескертті.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...