Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түріне сотталған азаматтар көбінесе тұрақты жұмыс табудан қиналып жатады. Осыған байланысты кезекті рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жаз қайнаған жұмыс уақыты. Бұл мезгілде жұмыссыз отыру ақылға қонымсыз. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Байкоңыр аудандық пробация қызметі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып есепте тұрған сотталған азаматтарға » бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізды. Өздеріне қалауы бойынша оларға жұмыс беруші тарап ұсынған 30 жуық жұмыс түрі ішінен жанына жақын саланы таңдауға мүмкіндік берілді. Нәтежесінде 5 сотталған азамат жұмысқа орналасты, ресми түрде келісімшарт жасалды.