12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Есірткі қылмысы құрықталуда

Облысымызда нашақорлыққа қарсы күрес айлығы өтуде. Осыған орай Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Мақсат Беркімбаевпен сұхбаттасқан едік.

− Мақсат Сүлейменұлы, біздің облыста қанша есірткі қылмыстары анықталды?

− Өткен жылы 201 есірткі қылмысы анықталды. Олардың27-сіесірткі сату, 18-і есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 42 жағдай есірткі өсіру және 2 есірткі жарнамалау. Полиция қызметкерлерімен заңсыз айналымнан 127 кг.марихуана есірткі заты тәркіленсе, 14 мың түптен аса сора өсімдігі оқиға орнында жойылды. Есірткі қылмысымен айналысқан барлығы 137 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның 52-і есірткі затын өсіргені үшін құрықталды.

− Есірткі қылмысы азаймай отыр. Алдын алу шаралары өтіп жатыр ма?

− Жыл сайын нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар өткізіледі. Біздің жұмыстың бір бөлігі бұл есірткінің зияндылығын насихаттау, жарнама және бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу. Осы ретте нашақорлыққа қарсы күресте атқарылған жұмыстар мен салауатты өмір салтын насихаттау шаралары республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыс орталығындағы Байтұрсынов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан жарық-диодты экраннан 5 түрлі бейнеролик тәулігіне әрқайсысы 192 реттен көрсетілуде. Сонымен қатар, облыс көлемінде кең масштабты акциялар, спорттық іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырылды.

− Биыл полиция қанша құқық бұзушылықты анықтады?

− Бес айда есірткіге қатысты қылмыстың 73 дерегі  анықталса, оның ішінде 17есірткі сату, 5 есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтау, 1жағдай есірткі жарнамалау, 45 теріс қылықтар анықталды.  Заңсыз айналымнан 21 кг. 456 гр есірткі заты тәркіленді.

− Соңғы уақытта синтетика есірткісінің қара нарықтағы саудасы қызып тұр. Құқық құрығына түсіре ала ма?

− Синтетикалық есірткі таратудың жаңа тәсілі интернет желісі арқылы тапсырыс қабылдап, есірткіні белгіленген жерге жасырып қою деректері орын алуда. Тапсырысшылар курьердің көмегімен көп қабатты тұрғын үйлердің, ғимараттардың, қоршаулар мен гараждардың қабырғаларына «граффити» суреттерімен сілтемелерді жарнамалап, насихаттау арқылы әрекеттерін жүзеге асыруда. Департаментпен жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі тарататын сайттарды жарнамалаған Қызылорда қаласының 20 жасар азаматшасы ұсталып, оның 110 дерекке қатыстылығы анықталды. Былтырғы жылдың тамыз, қыркүйек айларында «мефедрон», «эфедрон», «PVP» синтетикалық есірткі заттарын әлеуметтік желі пайдалану арқылы таратумен айналысқан Қызылорда, Атырау, Семей қалаларының 3 тұрғыны қамақа алынып, қара нарыққа 800 граммнан аса синтетика есірткі заты таралуының жолы кесілді. Одан бөлек, ағымдағы жылдың сәуірінде синтетикалық есірткі затын Ресейден пошта арқылы тұрғылықты мекен-жайында дайындап, зертханаға айналдырған азаматша құрықталды.

− Алқаптарға жасырын есірткі еккендер ұсталып жатады. Шалғайдағы жерлерден анықтауға барлық мүмкіндіктеріңіз бар ма?

− Есірткі қылмыстарын, әсіресе, есірткі алқаптарын анықтау, түпкілікті жою мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің операциялық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1-маусымынан бастап 30-қазаны аралығында «Қарасора-2022» жедел профилактикалық іс-шарасының өткізілуде. Осы ретте, Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, Ұлттық Ұланның әскери тік ұшағын пайдаланудамыз.

Сұхбаттасқан Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

Айгүл ІСІМАҚ, алаштанушы, филология ғылымының докторы, профессор «НАУРЫЗ – ТЕҢДІК МЕЙРАМЫ»

Көшпелі қазақ қоғамында Наурыз ерекше мейрам болған. Ауыр қыстан аман-есен шыққан қазақ күн мен түннің теңелгенін ерекше қуанышпен жаңа жылдың басы деп қарсы алған. Отарланған кезден бастап Наурыз мерекесіне де тыйым салынды. Генерал губернаторлық билік басқарған қазақ жерінде жалғыз бұл мереке емес, өзге де ұлттық мерекелерді тойлауға қақымыз болмады.

«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ – АТА ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ОРНАТАТЫН ОРГАН»

Эльвира АЗИМОВА, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы: – Эльвира Əбілхасымқызы,...

О проблемах новой формы семейного устройства 

В декабре 2024 года Президентом РК К.-Ж. Токаевым был...

Нияз ТОБЫШ, жазушы: «ИРАН ҚАЗАҚТАРЫ – ЗАР ЗАМАНА ЗАРПЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР»

Нияз Қартбайұлы, Алматыда таныстырылымын өткізген «Иран қазақтары: зар замана зарпынан зардап шеккендер» деп аталатын жаңа кітап қалай жазылды? Оның басты ерекшелігін атап өтсеңіз?

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: «ДЕПУТАТ ТА, МИНИСТР ДЕ ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУЫ КЕРЕК»

– Нұртай Салихұлы, Парламент Мəжілісіндегі Экономикалық реформа жəне өңірлер...