12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Білікті маман

«Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы». Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстанып, нашақорлықтан алыс болу үшін тәрбие іс-шараларының маңызы зор. Бүгінде ақпарат тез тарайды. Дұрыс пен бұрысты айыруы үшін оқушылар арасында ағарту жұмыстары жиі өтеді. Әсіресе жасөспірімдердің есірткі қылмысынан аулақ ұстау мақсатында. Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының нашақорлықтын алдын алуға арналған іс-шараларына аудандар мен шалғай жатқан ауыл балалары да белсенді қатысады. Себебі барлық аудандық білім бөлімдерінде бұл жұмыстарды үйлестіріп отырған мамандар бар. Солардың бірі − Шиелі аудандың білім бөлімінің бас маманы Талғат Бөпежанов.

Ол Шиелі ауданы бойынша білім мекемелерінің жасөспірімдері арасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында іс-шараларды нәтижелі жүргізіп келеді. Міндетті оқу жоспары шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің 5–11 сыныптардың оқушыларына нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу мәселелері оқытылып, нашақорлыққа, есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде ата-аналар жиналыстарында әңгімелер, лекциялар жүргізуіне атсалысады. Одан бөлек, аудан дәрігерлері, құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, кездесулер, жиындар, конференциялар ұйымдастырып отырады.
Білікіті маман білім беру ұйымдарындағы жүргізілетін жұмыстарда жаңашылдыққа, ізгілікке, ұлт мәдениетін үйретуге мән береді. Талғаттың ұйымдастыруымен ұстаздар мен оқушылар қызықты да мазмұнды, түрлі мәдени-танымдық, сауықтыру-спорттық шараларға белсене қатысады. Аталған аудандағы әрбір мектепте “Наркопостар” құрылып, белсенді түрде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Мектеп залдарында денсаулық тақырыбына қатысты көрнекіліктер ілінсе, сынып бөлмелерінде арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Ай сайын өзгеріп отыратын газеттер мен санбюллетеньдердің оқушыларға берері көп. Мектептерде сенім жәшіктері қойылып, бұл бағытта жұмыстар жүргізу мектеп психологтары мен сынып жетекшілерге жүктелген. Оқушылар арасында наша және есірткі сырқаттарды анықтау мақсатында дәрігер-наркологтардың қатысуымен профилактикалық әр форматта байқаулар өткізілуде.
Аудан мектептерінде кәмелетке жасы толмаған 12-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің нашақорлық туралы білімдерін анықтау мақсатында “Есірткі және балалар” тақырыбында әлеуметтік зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, оқушылар мен мұғалімдерден сауалнама алынады. Бұл сала мамандарының жүйелі жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Мысалы №158 орта мектепте “Есірткіге еліргендерді келешек не күтіп тұр?” тақырыбында пікірсайыс, №40 орта мектепте “Есірткі және жасөспірім: бала өмірінің қалыптасуына өзіндік салдары қандай?” тақырыбында кездесу, № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде “Наркомания және есірткі бизнесі: қалыптасқан жүйенің негізгі мақсаты неде?” тақырыбында аудан наркологының қатысуымен ата-аналар жиналысы “Біз есірткіге қарсымыз!” атты ұранмен оқушылар мен ұстаздар арасында минифутболдан жарыс ұйымдастырылса, №153 мектеп-лицейде “Есірткіге берілетін жаза түрлері қандай?” тақырыбында дөңгелек стол, №157 орта мектепте “Есірткінің жасөспірім санасын улаудың негізгі факторлары” тақырыбында апталықтар өткізген.
Шиелі ауданындағы мектептердің барлығында дене қимылы жаттығуларын өткізу дәстүрге айналған, “Денсаулық күні” бекітілген. Аудан мектептерінде көктемгі демалыс күндері “Қатерлі аймақ” фильмдері 8-11 сынып оқушыларына көрсетілді. Бұл фильмдерден жасөспірімдер арасындағы уытқұмарлық, нашақорлық оның бала ағзасына зиянды әсері туралы деректер алуға болады. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Салтанат сарайында “Ел болашағы – салауатты ұрпақта” атты акция өткізілді. Акцияға негізінен аудан орталығындағы мектеп оқушылары, білім, денсаулық сақтау қызметкерлері қатысты. Кейіпкеріміз жасөспірімдер арасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында ауқымды шараларды ұйымдастырып, мектептерге «Жастарға нашақорлық аса қауіпті екендігін ескерту» бағдарламасын оқу — тәрбие үрдісіне енгізуді жүзеге асырды. Осы жұмыстардың бәрінің басты ұйымдастырушысы − Талғат Уәлиханұлы. Он жеті жылдан бері мемлекеттік қызметті абыройлы атқарып келеді. Өзінің білімділігімен, ізденімпаздығы, еңбекқорлығымен әріптестері арасында үлкен беделге ие. Сондықтан болар, 2005 жылы «Облыстың ең үздік әдіскері» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған. Үздіктер тұғырынан түспе, замандас! Сондай-ақ, 2018-2019 жылы білім саласы бойынша «Жылдың Үздік мемлекеттік қызметшісі» атанған.

Гүлбану МАҚАЖАН,
Қызылорда облысы

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...