12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі

Сот кабинеті – электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кезкелген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады .

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады.

Бүгінгі күні қызмет көрсету үрдісін оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде «Апостиль қою» функционалы іске қосылды. «Апостиль қою» функционалы арқылы сот актісін қолына алмаған азаматтар сол сотқа сот актісінің көшірмесін қайта беру туралы электронды арыз бере алады. Соттың мұрағатында сот актісі бар болған жағдайда оның көшірмесі мен мемлекеттік баж төлеу қажеттігі туралы хабарламаны арызданушының жеке кабинетіне бекіту үшін жібереді. Егер сұратылып отырған сот актісі соттың мұрағатында болмаған жағдайда, арызданушыға сот актісі жоқ екені және мұрағат мекемесіне жүгіну қажеттігі туралы хабарлама келеді.

Арызданушы бекіткен соң және мемлекеттік бажды төлегеннен кейін, сот апостиль қою үшін сот актісінің көшірмесін облыстық (облыстық деңгейдегі қалалық) соттар әкімшісіне  жібереді. Арызданушы құжат жіберілгені туралы хабарламаны алғаннан кейін соттар әкімшісіне апостиль қою туралы арыз береді және мемлекеттік баж төлейді.

Арызданушы сот актісінің көшірмесі қайта беру және сот органдарының ақпараттық жүйесі апостиль қойғаны үшін мемлекеттік бажды төлеген кезде төлем құжаты автоматты түрде қалыптастырылатынын ескерту қажет. Сонымен қоса, «Сот кабинеті» сервисін пайдаланушы мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге мүмкіндігі бар. Сот актісінің көшірмесі түскеннен кейін соттар әкімшісінің жауапты тұлғасы оған қол қою және мөр қою арқылы оны апостильдейді.     

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – апостиль қойылған құжат арызданушыға қолма-қол беріледі немесе пошта байланысы арқылы жолданады. Арызданушы өз жеке кабинетіне келіп түсетін хабарламалар арқылы оның арызы тіркелген сәттен бастап дайын нәтижесі берілгенге дейінгі қараудың барлық сатылары туралы хабардар етіледі.

Сот актісінің көшірмесін беру туралы сотқа арызбергеннен бастап арқылы апостиль қойылатын құжат сот органдарының ақпараттық жүйесі соттар әкімшісіне түскенге дейінгі үрдістің барлық кезеңдерінде соттар әкімшісінің жауапты тұлғасы мемлекеттік қызметтің тиісті түрде және уақытылы көрсетілуіне мониторинг жасайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін оңтайландыру ең алдымен, көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін жоғарылатуға бағытталып отыр. Енді азаматтарға сот актісінің көшірмесін алу және оған апостиль қою үшін қағаз тасығышта сотқа келу қажет емес. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар және «Сот кабинеті» сервисінде тіркелген адам жер шарының кезкелген нүктесінде бола тұра, апостиль қою туралы арыз бере алады.

Барлық жаңа енгізілімдерді және жаңғыртуды ескере отырып, соттардың халық пен екі жақты өзара іс-қимылына және тұтастайалғанда сот ісін жүргізуді оңайлатуға арналған «Сот кабинеті» бірыңғай, көп функциялы терезе рөлін атқаруда.

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маман Ж.Успанов

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...