Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінде ішкі істер органдарының ардагерлері мен зейнеткерлері тек полиция қызметінің ғана емес, сондай-ақ қоғамдық өмірдің белсенді қатысушылары болып табылады. Олардың жас мамандарды тәрбиелеудегі және құқық тәртібін сақтауға берген көмектеріне баға жетпейді. Қызылорда ст. ЖПБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы милиция майоры Қожамберді Әбдімәлікұлы жеке құраммен өткізілген кездесулерінде полиция қызметіндегі ардагерлердің атқаратын ролі туралы айтып отырады. Ардагерлер ұзақ жылдар бойы жинаған кәсіби тәжірибелерін жас мамандарға үйретеді және практикалық көмек көрсетеді. Сондай-ақ бірігіп іс-шаралар мен салтанатты жиындар өткізеді.
2022 жылғы 06 маусым күні Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Бақтыбаев Нұрлыбек Сералыұлын зейнеткерлікке шығарып салу іс-шарасы өткізілді. Зейнетке шыққан қызметкерге бөлімнің салт-дәстүрі бойынша шапан кигізіліп, естелік сыйлық тарту етілді. Зейнеткерлер мен қызметкерлер Н. Бақтыбаевты зейтнетке шығуымен құттықтап және алдағы өмірде табысты қызмет жасауына тілектес екендерін білдірді.
Қызылорда ст. ЖПб