12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлық — Мемлекеттің басты жауы

Жемқорлық заман ағысымен бірге қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттің органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындаулын қамтамасыз етуге міндетті.

 Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.

Нақты айтсақ қадағалау барысында, Алматы гарнизонының әскери сотымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысты 9 қылмыстық іс қаралды, істердің басым бөлігі пара беру мен пара алу қылмыстар болып табылады. 

 Бұл жерде сотта қаралған жемқорлық қылмыстардың пара беруге азғыру арқылы алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін иемдену, əскери қызметшілердің өзінің қызметтік міндеттеріне кірмейтін мəселелерді шешіп беремін деп алдау арқылы жасалады.

Әскери қызметшілерге жүктелген міндеттерді ескере отырып жəне əскери қызмет мемлекеттік қызметтің ішіндегі ерекше түрі болып есептелетіндіктен, бұл сыбайлас жемқорлық қылмыстардың бүгінгі күнге қоғамдық кауіпі өте жоғары екенін айту қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.

Жемқорлықты түбегейлі жою парасаттылықтың жетілген қоғамдық мәдениеті болған жағдайда ғана мүмкін болады, бұл ауқымды ағартуды, қоғамда сенім атмосферасын құруды, Заңның рухы мен әрпін құрметтеуді бекітуді талап етеді.

Қорыта келе айтсақ, бүгінде осынауқауыпті дерт-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің мемлекеттік саясатындағы басымдықтардың бірі болып отыр. Кәзіргі таңда, мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық деңгейін түпкілікті азайтуға бағытталған реформалар атқарылуда, ал әскери прокуратура органдары өз тарапынан аталған салада жоспарлы жұмысын жалғастыратын болады.


Алматы гарнизоны

әскери прокуратурасының прокуроры

әділет майоры                                                                       Мейірбек Мұсабеков

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...

Почему нам нужны государственные центры медиации?

Считаю, что давно назрела необходимость создать государственные центры медиации...