4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні! Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аталған іс-шараны департамент бастығы әділет полковнигі Д.Рақымбеков ашты, Даулет Борамбекұлы салтанатты іс-шараны ашу барысында жеке құрамды мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздеріміздің тарихымен қастерлі құндылықтары жайлы баяндама жасады. Одан әрі департаменттің жеке құрамымен ҚР Әнұраны айтылып, Туы көтерілді.
Еліміздің егемендігінің белгісі ретінде бекітілген Ту, Елтаңба және Әнұран халқымыздың аса қастерлі құндылықтары!