Ішкі-істер министірінің бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Нұрлан Балтабайұлы Рамазанов тағайыңдалды.
ҚР ІІМ Ақмола облысының заң колледжін оқып бітірген, 2002 жылы Қостанай заң институтын оқып бітірген.
Құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ-ның криминалдық полиция бөлімінде жеделуәкіл болып бастаған. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПД әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.