Мұндай ниет жоқ және болмайды — Тоқаев президенттік мерзімін жаңадан бастау туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік мерзімін ұзарту туралы айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәліметінде көрсетілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Менен ел ішінде де, шетелде де қазіргі Мемлекет басшысы өзінің өкілеттік мерзімін референдум арқылы ұзартуға, былайша айтқанда, президенттік мерзімін жаңадан бастауға ниетті ме деп сұрап жатады. Менің жауабым: мұндай ниет жоқ және болмайды.

Ұсынылған саяси жаңғырту бағдарламасы өзінің мазмұны бойынша өте ауқымды. Бірақ басты назар адам құқықтары мен бостандығын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған», — деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президет бұл шара еліміздегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам екенін айтты.

«Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум алғаш рет өтеді. Бұл шара еліміздегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. Еліміздің азаматтары жалпы конституциялық реформалардың маңызын түсінеді.

Қоғамымызда референдумға үлкен қызығушылық бар. Шетелде де. Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге деген кең әлеуметтік сұранысты және халықтың алдағы өзгерістерге деген сенімін көрсетеді. Бұл — заңдылық. Өйткені реформалар жеке тұлғалардың, соның ішінде Президенттің артықшылықтарын арттыру емес, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүргізіліп жатыр», — деді Мемлекет басшысы.

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған

Елдегі медицина қызметкерлері санитарлық бетперде тағуға міндеттелді

Алайда бұл талап тек денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне қатысты. Мұндай режим ауруға шалдығу қаупінің жоғары болуына байланысты енгізілген.

Азиада-2026 аяқталды: Қазақстан қандай нәтиже көрсетті? 

Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан спортшылары 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль жеңіп алды.

Елімізде 2,2 млн бала тегін үйірмелер мен секцияларға қатысады 

Қазақстанда балалардың денсаулығы мен сапалы білім алуына жағдай жасау бағытында мектептегі тегін тамақтану, қосымша білім беру және білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.