1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қызылорда қалалық пробация қызметкерлерінің балалары арасында «Біз бақытты баламыз!» атты мерекелік шара өтті.
Қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Жалғас Есмаханов бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, елдің ертеңі болар балаларымыздың бақытты балалық шақтары көп болып, болашақтарың жарқын болсын деді.
Шара барысында пробация қызметкерлері бүлдіршіндердің жаттаған тақпақтары мен әндерін тыңдап, оларға сыйлықтар табыстады.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД