Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 (әйелдер колониясы) мекемесінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған шара өткізілді. Жазасын өтеп жатқан әйелдер социализмнің тоталитарлық, казармалық сипат алуы, ұлт зиялыларының саяси қудалануы және Сталиндік Карлаг, Гулаг, Алжир лагерьлері жөнінде тарихи баяндама тыңдады. Осынау қарама-қайшылық пен қиыншылыққа толы жолда 100 мыңнан астам қазақстандық қуғын-сүргінге ұшыраса, оның төрттен бірі атылды.
Жазасын өтеуші әйелдер осынау саяси репрессия құрбандарын еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады.
Шара соңы еске алу күніне арналған кино көрсетілімімен аяқталды.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД