Погондағыла «Балаларға балмұздақ»акциясын ұйымдастырды

1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында 1 маусым — Балаларды қорғау күні болып қабылданды.

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. Міне, сол уақыттан бері жадыраған жаз айының алғашқы күнінде балаларға ерекше көңіл бөлініп, мерекеленіп келеді. Осыған орай,ЗК-169/1 тергеу изоляторының кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Д.Шахи «Балаларға балмұздақ» акциясын ұйымдастырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы»деп жариялады. « Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» — деп айтқандай, біз егеменді еліміздің ертеңгі жасампаз құрылысшылары болатын балаларға қамқорлық жасауымыз керек.

Мерекеге орай, қызметкерлеріміздің қолдауымен оларға бақытты шақтың бал дәмін татқызып, тегін балмұздақ таратуды жөн көрдік. Сондықтан бүгін балалар көп жиналатын орталық балалар саябағына барып, жүз балмұздақ тараттық- дейді, РжКБ-нің бастығы, әділет майоры М.Жаңаберген. Осылайша, ҚАЖ қызметкерлері жұмыстарының қауырттығына қарамастан, уақыт тауып, жылына бір келетін мерекеде балаларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...