12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Қолдау көрсететініме күмәнданбасаңыздар болады» — Назарбаев референдум өткізу туралы

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде реформа жүргізу және одан әрі дамыту жөніндегі іс-қимылын одан әрі қолдауға дайын. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбат барысында Назарбаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдумға баратынын айтты. Сонымен қатар, Әшімбаев түзетулер арасында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесіне қатысты өзгерістер де бар екенін атап өтті.

«Иә, 5 маусымда Конституция берген құқығымды міндетті түрде қолданып, референдумда дауыс беруге қатысамын. Мен еліміздің Негізгі Заңы — қатып қалған құқықтық реликт емес, қазақстандық қоғамның өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді көрсететін тірі тетік екенін үнемі айтып келемін. Өзгерістер бұрын да енгізілген.

Бұл уақыт талабы болса және қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына ықпал етсе, әр ұрпақтың негізгі заңға өзгерістер енгізуге құқығы бар деп санаймын. Мені, бәріңіз сияқты болып жатқан жағдайдың бәрі мемлекет пен біздің халқымыздың мүддесі үшін болғаны алаңдатады», — деді Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «артында халқы мен елі үшін» не қалдыратыны әрқашан бәрінен де маңызды екенін атап өтті.

«2019 жылы саналы қадам жасап, көпшіліктің қарсылығына қарамастан, Мемлекет басшысы қызметінен кеттім. Халықтың қолдауымен кеттім. Мұны 2015 жылғы соңғы президенттік сайлау дәлелдейді, ол кезде мен 97,7 пайыз дауыс алдым. Иә, менде белгілі бір өкілеттіктер қалды. Бірақ бұл тегіс саяси транзит үшін және қоғам мен билік элитасында болуы мүмкін қайшылықтарды жеңілдету үшін жасалды.

Конституцияға сәйкес президент ретіндегі өкілеттілігімді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырдым. Кейінгі жалпыхалықтық сайлауда ол жеңіске жетті. Осы жылдар ішінде мен оның еліміздің реформалануы мен одан әрі дамуы жөніндегі іс-әрекеттерін жан-жақты қолдадым. Бұл жолы да қолдау көрсететініме күмәнданбасаңыздар болады», — деді Назарбаев.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы ҚХА отырысында айтты.

Кейінірек Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін айтты. Ал Қазақстанда референдумға 16,4 миллиард теңге бөлінген болатын. 

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ТІРЕГІ – ЗАҢ

Тəуелсіздік – бір сəттік шешім емес. Ол күн сайын қабылданған заңмен, Парламент мінберінде айтылған жауапты сөзбен, халық алдындағы адал міндетпен қайта-қайта дəлелденіп отыратын тарихи жауапкершілік.

Елордада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi

Астанада Тәуелсіздік күні 18 нәресте дүние есігін ашты.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін салық жеңілдіктері қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнайы салық режимі енгізіледі.

Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды

Жыл соңына таяған сайын көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар арасында қосымша әлеуметтік төлемдер мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналады.

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.