Елімізде тәртіп бұзған көлік жүргізушілеріне жаза күшейді. Масаң күйде көлік басқарғандардың алды түрмеде отыр. Айыппұл төлеп жүргендері қаншама. Ал жолдағы тәртіпсіздігін қайталаса көлік жүргізу құқығынан өмір бойы айырылады. Заңдарды осылай қатаңдатса да оқыс оқиғалар азаяр емес. Жыл басынан бері Шиелі ауданында жыл басынан бері 41 оқиға сотта қаралған. Олар көлікке мас болып отырғанын, басқара алмай қалғанын, өкінетінін айтады. Өкінгенмен өз өмірі мен өзгелерге қауіп төндірген соң бәрі кеш болуы мүмкін.
Масаң күйде көлік жүргізу өте қауіпті. Себебі ішімдіктің салдарынан денсаулығында, психикасында өзгеріс орын алып, көзі қарауытып алдындағы жолды көрмей, көлікті дұрыс тізгіндей алмайды. Ең өкініштісі сотта ісі қаралған азаматтардың басым бөлігі жастар. Түңгі достармен басқосудан соң араққа тойып алып, кент көшелерінде тайраңдаған. Заң бәріне ортақ. Жассың ба, қартайдың ба демейді. Бәрінің оқиғалары тергеліп, тексеріп сот үкімдері шыққан. Бұрыңғыдай айыппұл төлемейді. Қылмыстық іс қозғалып, әкімшілік қамауға алынады. Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сай көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім шығарылса ғана, уәкілетті орган жүргізуші куәлігін алып қоя алады. Қалған жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін жүргізуші куәлігі дереу иесіне қайтарылады. Алып қойылған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге уақытша куәлік беріледі.
Қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сот жүйесінің міндеті. Елдегі барлық азаматтар заң алдында тең болғандықтан оларға қатысты заңбұзушылықты да әділ таразылайтын − мемлекеттік сот органы. Шиелі аудандық соты өзіне жүкітелген міндеттер мен талаптарды дер кезінде орындап келеді. Әйтседе біз азаматтардың сотты болғанынан гөрі, тәртіп бұзбағанын, қоғамға, өз өмірлеріне қауіп төндірмегенін қалаймыз.
Басылымдар арқылы жиі айтып жүрміз. Себебі көлік жүргізушілері, олардың жақындары оқып сақтық шараларын ескерсе дейміз. «Қауіп жоқ деме, жар астында» деген. Сондықтан жүргізуші әрбір қадамына сақтықпен, үлкен жауапкершілікпен қарағаны абзал.
Жүргізуші, жол өзімдікі демеңіз, жолаушылар тағдырына да жауапкершілікпен қараңыз.
Бағдат ҚАСИЕТ,
Шиелі аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы,
Қызылорда облысы