Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айының 24-28 аралығында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметтерінде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Осыған орай, Қармақшы аудандық жергілікті полиция бөлімі мен аудандық пробация қызметінің бірлесіп кездесу өткізді. Кездесу аудандық полиция бөлімі басшысының төрағалық етуімен болды. Шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында есепте тұрғын отбасыларды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізілу керектігі айтылды.
Қазіргі таңда аудандық прокуратура және полиция бөлімімен пробация қызметінен 15 қызметкері және күнделікті полиция кешенді күштері тартылып, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды тұрғылықты жерімен жұмыс орындары бойынша бірлескен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Профилактикалық шараның екінші күнінде пробация есебіндегі 38 сотталғанның 12-сі тексеріліп, ешқандай құқықбұзышылықтың болмағандығы анықталды.
Қармақшы аудандық пробация қызметі