Қызылордада 27 жастағы сотталған мектеп бітірді

25.05.2022 жылы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтей жүріп, орта білім алған сотталғандар соңғы қоңырау қақты. Салтанатты шараға Шиелі аудандық білім басқармасына қарасты кешкі мектеп мұғалімдері, мекеме қызметкерлері қатысты.
Кешкі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байтелиева қатысушыларды мерекесімен құттықтап, оқу барысында үлгілі тәртіптерімен үздік нәтиже көрсеткендерді мақтау қағаздарымен марапаттады.

«Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №516 бұйрығында сотталғандарға негізгі орта,бастауыш, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім алу туралы көрсетілген. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі сотталған азаматтар орта білім алуға міндетті деп көрсетілген. Мұндағы орта білімі жоқ 12 сотталғанның 2-еуі 11 сыныпты бітірсе, 9 сыныпты 2-еуі, ал қалғандары келесі сыныпқа көшті , – деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ.Дайрабаев.
– Жастық шақта аңғалдығымнан жаза басып, құқық бұзғаным үшін жазамды өтеп жатырмын. Осының салдарынан оқи да алғаным жоқ. Мекеме қызметкерлерінің көмегімен кешкі мектепте білім алдым. Жасым 27-де болса да білім алып ұстаздар еңбегінің нәтижесінде орта білімімді растайтын құжат алғалы отырмын. Осы үшін мекеме әкімшілігі мен кешкі мектеп ұстаздарына алғыс білдіремін, – дейді жазасын өтеуші.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...