Бюрократиядан арылту мәселелері талқыланды

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде төрағаның басшылығымен сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі консультативтік-сараптамалық топтың отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Президент Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ, Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг және талдау жүргізу әдістемесінің жобасы қаралды.

Сондай-ақ, қатысушыларға 2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері мен оны өткізудің жаңа әдіснамасының жобасы туралы ақпарат берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қоғамдық мониторинг қорытындыларының нәтижелерін ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың онлайн-мониторингіне халықтың қатысуын қамтамасыз ету тапсырылды.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...