12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қанат Бозымбаев мектеп бітіруші жас түлектерді құттықтады

 Бүгін Алматы облысында 17 мыңнан астам жас түлек соңғы қоңырау шарасына қатысып, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» білім ордасымен қоштасты. Жас түлектердің 1254-і «Алтын белгіге», 1816-сы ерекше аттестатқа үміткер. Жылдағы дәстүр бойынша облыс әкімі Қанат Бозымбаев жиналғандарды биылғы оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жас түлектере ізгі тілегін жолдады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін еліміздің барлық білім ордаларында соңғы қоңырау салтанаты өтті. Оның ішінде Талдықорған қаласындағы №27 мектеп-гимназиясының ауласында да той, мереке. Оқушылар да, мұғалімдер де, ата-аналар да шат-шадыман. Әлемді әбігерге салған індеттің салдарынан соңғы қоңырау шарасы дәл осындай ауқымды форматта көптен бері өтпеген еді.

Шарада 1-сынып оқушылары жас түлектерге жүрекжарды лебізін арнап, тақпақтарын айтты. Сондайа-қ, үлкен өмірге самғағы тұрған мектеп бітірушілердің қолынан білім эстафетасын қабылдап алды. Кішкентай бүлдіршіндер жас түлектерге: «Алдағы емтихан мен ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, қалаған мамандықың иесі атаныңыздар», – деген ақ тілегін арнады. Періште көңіл балдырғандардың тілегіне «Алтын белгіден» үміткер Құралай Данабек тебірене жауап берді. Жас түлек алтын ұя мектебінің ұстаздарына, ата-аналарға шын жүректен ризашылығын білдіріп, сыныптастарына ҰБТ-да сәттілік тіледі. Салтанатты жиында мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Әсем Байысова да ақ тілегін ақтарды.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев №27 мектеп-гимназиясының соңғы қоңырау салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші түлектерге өмірде өз жолын тауып, елінің мақтан тұтар  азаматы болуына тілеулес екенін білдірді.

Мектеп ауласында соғылған соңғы қоңырау сыңғыры биылғы оқу жылының аяқталуынан хабар беріп, жас түлектер үшін өмірдің жаңа кезең символындай әсер етті.

Аталмыш мектептің материалдық-техникалық базасымен танысқан Қанат Бозымбаев облыстың түкпір-түкпірінен келген дарынды балалармен кездесу шарасына қатысты. Онда жалпы білім беретін және жаратылыстану-математикалық пәндер циклі бойынша XIV Президенттік және ХХІІ О.Жәутіков атындағы ашық олимпиадаларының IV кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.

– Бұл күн сіздердің жадыларыңызда мәңгі сақталады. Еліміздің жоғары оқу орындарында немесе «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған кешегі дәл сендердей дарынды балалардың көбі бүгінде елге оралып, мемлекеттік қызметте, ірі ұлттық компанияларда жемісті еңбек етуде. Талантты, дарынды балалар болашақта өмірден өз орнын табатыны сөзсіз. Мені қуантатыны – сендердің кішкентай кезден ерінбей еңбек етуді әдетке айналдырғандарың. Адамның қабілеті шексіз, өзіңді дамытсаң, адамдардың арманына да кірмейтін небір шыңдарды бағындыруға болады, – деді Қанат Бозымбаев.

– Адам өзіне жоғары талап қоя білу керек. Ертең біреуің ғарышты бағындырасыңдар, біреуің Премьер-Министр, біреуің министр, әкім немесе корпорация басшысы боларсыңдар. Енді бірің ауыл шаруашылығын дамытып, жекелеген саланы жоғары деңгейге көтерулерің мүмкін. Балалардың бәрі оқу озаты болмаса да, кейбірің жеке пәндік олимпиадаларда жетістіктерге жетіп, осы салада елеулі табыстарға қол жеткізулерің ғажап емес. Мұндай мысал өте көп. Сендердей дарынды жігіттердің көбі мектеп кезінде-ақ жақсы оқып, танымал болды. Сондықтан, сендер үшін бүкіл өмір алда. Алдарыңда ашық даңғыл жол жатыр. Жер көлемі жағынан әлемде 9-шы орында тұрған үлкен мемлекетіміз бар екенін әрқашан есте сақтаңыз. Халық саны әлі де аз, бар болғаны 19 миллион адамбыз. Мемлекетті әлі де дамыту керек және бастысы, қорғай білу қажет. Қазіргі заманда басты байлық – білім екенін естен шығармаңдар! Сендерге үлкен үміт артамыз, алға ұмтылыңдар, біз әрқашан қолдауға дайынбыз. Өмірді сүйіңдер, өмірден ләззат ала біліңдер, – деп түйіндеді сөзін Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында облыс бойынша 642 оқушы республикалық және халықаралық деңгейдегі білім сайыстарына қатысқан. Оның 171-і оза шауып, жүлдегерлер қатарына ілікті.

Бүгінде Алматы облысында 38 білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 18 мектеп биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, 1 өнер мектебін ашу жоспарлануда. Республикадан бөлек, жоғары оқу орындарында білім алу үшін облыста қосымша тағы 250 грант бөлінген.

 Өз тілшіміз,

Алматы облысы

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...