12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Пробация есебіндегі азаматтарға дәріс өтті

20.05.2022 жылы Қызылорда облысы бойынша Дін істері Басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Жалағаш аудандық бөлімінің меңгерушісі Байқабылов Арыстанбек Әмірханұлы пробация есебінде тұрған азаматтарға «Сыр бойындағы діни қайраткерлер. Ишандар, ахундар, қарилар, кәлпелер т.б.» тақырыбында дәріс өткізді.
Шарада Арыстанбек Әмірханұлы Сыр бойында атағы елге тараған, аты жалпақ жұртқа кеңінен мәшһүр болған, болмысын киелі, пір тұтатын Абыз Бабалар мен Ислам дінін насихаттаушы, озық ойлы ишандармен ахундар туралы дәріс оқып, мол мағұлмат берді. Ишандар халықты үнемі имандылыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеп отырған. Сол сияқты өскелең жастарды, өмірде қетелескен азаматтарды патриотизмге тәрбиелеу, қоғамдық ортаға бейімдеу, зайырлылыққа, ұллтық құндылықтарды бойына сіңіру, рухани жан-жақты жетілген тұлға қалыптастыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі деді теолог маман.
Іс-шара соңында есептегі азаматтар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.
«Бүгінгі теологпен кездесу барысында дәріс тыңдай отырып, облысымыздағы ахундар мен ишандар туралы мағұлмат алып, діни сауаттылығымызды кеңейтеттік. Өте маңызды тақырыптағы дәріс болғандықтан мұқият тыңдап, көптеген мәліметтер алдым»,- деді есептегі азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...