ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорда хабарламасында.

Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор. Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген.

Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғары шекара командалық училищесін бітірген (1987).

Шекара заставасы бастығының орынбасары, өңірлік басқарма бастығының орынбасары, өңірлік басқарма шекаралық бөлімшелері қолбасшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бас штабы бастығы — директордың бірінші орынбасары лауазымдарында офицерлік қызмет атқарған. Орден және медальдармен марапатталған.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...