Автонесие кімдерге берілмейді? Банк өкілдері жауап берді

Автонесие рәсімдегісі келетін қазақстандықтар қандай талаптарға сай болуы керек? Қазақстан банктері жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Клиенттерді таңдау кезіндегі ең басты шарт — оның төлемге қабілетті болуы. Яғни, автонесие рәсімдегісі келетін қазақстандықтың зейнетақы қорына соңғы 6 айда үздіксіз аударымдар жасалуы тиіс. 

Екіншіден, үміткердің жиынтық табысы — алынған және алынатын барлық несиелерінің кемі 50% құрауы тиіс. 

Мысалы, несие алушының ай сайынғы табысы 100 мың теңге болса, оның төлейтін барлық несиелерінің жиынтығы 50 мың теңгеден аспауы керек. 100 мың теңгелік табысы расталып, айына 30 мың теңге несие төлейтін үміткер қалған 20 мың теңгеге ғана қарыз ала алады. Ал мұндай соммаға автонесие рәсімдеуге болмайды. 

Сондықтан да банк өкілдері қазақстандықтарды қаржылық мүмкіндіктерін бағалап барып қана банктерге жүгінуге кеңес береді. 

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...