«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды – ҚР БҒМ

23 мамыр «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініштер 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, – делінген министрлік жіберген хабарламада.

https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/184pass_mon сілтемесіне өтіп, «Болашақ» стипендиясының конкурстық іріктеуіне қатысуға өтінім беруге болады.

Биыл тағылымдамадан өтуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 30 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді.

Ведомствоның хабарлауынша, биыл магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылады. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 60 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл «Инженерлік жүйелер мен желілер», «Авиация және аэроғарыштық техника. Әуе қозғалысын басқару», «Үлкен деректерді талдау», «Жаңа материалдар технологиясы», «Деректер базасын басқару», «Авиациялық техника және технологиялар», «Машина жасау», «Өнеркәсіптік автоматтандыру» және т.б. ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Білім және ғылым министрлігі таратқан мәлімет бойынша, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық оқуға 92, тағылымдамадан өтуге 158 мамандық қарастырылған. Еңбек нарығының үрдістерін талдау негізінде осы жылы тізілімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық енгізілді. Сонымен қатар олардың 17-сі атауларын кеңейту арқылы бұрыннан бар мамандықтарға енді. Жалпы, басым мамандықтар тізімі техникалық мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады: кешенді тестілеу, Тәуелсіз сарапшылық комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

Алматыда жылуды 9 қазаннан бастап қосады

Алматыда биыл жылу қосу маусымы 9 қазанда басталады. Алайда әкімдіктің хабарлауынша, тұрғын үйлерге жылу бірден қосылмайды.

Ерлан Карин Джеки Чанмен кинематография саласындағы ынтымақтастықты талқылады 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-президент Ерлан Карин халықаралық киножобаның түсірілім тобымен кездесті.

Қазақстанда алкогольге ең көп ақша жұмсайтын өңір анықталды 

Қазақстан тұрғындары алкоголь өнімдеріне, шарап пен сыраға орта есеппен азырақ ақша жұмсай бастады: 2026 жылғы қаңтар–маусым айларында шығын бір адамға 3,1 мың теңгені құрап, бір жылда 1,1%-ға қысқарды.

Алтын бағасы алдағы бір жылда 5013 долларға дейін қымбаттауы мүмкін 

Алдағы 12 айда алтынның бағасы бір трой унциясына 5013 долларға дейін өсуі мүмкін.

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды 

Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді.