12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Сот кабинеті» сервисінің тиімділігі

Сот жүйесінде жаңа технологияларды қолдану аясы кеңейіп, ақпараттық сервистерді және оларды пайдалану механизмдері күн өткен сайын жетілдіріліп жатыр.
Заман талабынан қалмай, сот жүйесі жұмысына жаңа технологияларды енгізудің маңызы зор. Жоғарғы технологиялар азаматтарға сот төрелігіне деген қолжетімділікті кеңейтіп, оның ашықтығын арттырады.

Соның ішінде сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында іске қосылған «Сот кабинеті» сервисі бүгінгі күні кеңінен пайдаланылуда. Аталған сервистің мүмкіндігі көп. «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа электронды өтініштер мен талап-арыздарды жолдауға, сонымен қатар, азаматтар кез келген уақытта өздерінің істері бойынша сот құжатын қарап, іспен танысуға, сот актісін басып шығарып алуға болады.

Барлық азаматтар «Сот кабинетінің» мобильді түрі арқылы республика сот жүйесінің жаңалықтарын қарауға, тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты табуға, бұрын сот органдарына жолданған құжаттарды қарауға және смартфонға жүктеу мүмкіндігімен олардың мәртебелерін қадағалауға болады.

«Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылар оның мүмкіндіктерін, яғни оны тұрғындардың кеңінен пайдаланатынын, осы сервистің адвокаттардың, судьялардың және соттар мамандарының тиімді жұмыс істеуіне, азаматтардың құқықтық мәдениетінің артуына, азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауына оң ықпал етіп отырғанын атап көрсетуде.

Сот жүйесіндегі жүргізіп жатқан реформалардың мақсаты, ашық қоғам қалыптастыра отырып, әлеуметтік, саяси-құқықтық жүйені жетілдіру болып табылады.

Сейсентаев Олжас Даулетбайұлы

Қызылорда қаласының

мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

сот отырысының хатшысы

Сот шешімінің орындалуы

Заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс....

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың айнасы, рухтың тірегі, елдіктің ең асыл...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...

Конституция – мемлекеттің тірегі

Әр мемлекеттің сүйенері – Конституция. Елдегі барлық заңдардың, құқықтық...