Алаяқтармен, аферистермен күресу керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алаяқтармен күресу керегін айтты. Бұл туралы ол қазақстандық бизнес өкілдерімен кездесуде мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2019 жылы мен өз Жолдауымда бизнестің жұмысына заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс деп айтқан болатынмын. Бұл Бас прокуратураның жұмысы. Алаяқтармен күресу керек, тағы айтайын, алаяқтармен, аферистермен. Бірақ артық қыламыз деп тыртық қылмауымыз керек«, — деді Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр. Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылатыны хабарланған.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...