Бүгін Тасқала ауданының әкімі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған шартты түрде сотталған Н. есімді азаматты Алғыс хатпен марапаттады.
Алғыс хатта «Тасқала ауданының аумағында көктемгі су тасқынының алдын алу және болдырмауға қарсы жүргізілген іс-шараларға белсенді атсалысып, өз үлесіңізді қосқаныңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін!
Аудан тұрғындары қырағылықпен қайсарлық танытып, алдыңғы қатардан көрінінп, ауданымызға төнген табиғи апаттың алдын алуға сақадай сай болған сіздей азаматты мақтан тұтады.
Сізге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ашық аспан және отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі үшін атқарып жатырған қызметтеріңізде табыс тілеймін!» делінген аудан әкімінің алғыс хатында.
Пробация қызметімен алдағы уақытта есепте тұрған сотталғандармен түзеу жолына түсуге бағытталған профилактикалық жұмыстары белсенді түрде жалғаса бермек.
Жанаков А.Ж,
БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Тасқала аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет лейтенанты