12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сертификатсыз ойыншық алмаңыз!

Қазіргі заманғы нарықта балалар ойын­шықтарының алуан түрі бар. Балаларға тек қызықты ғана емес, сонымен қатар оларға пайдалы болатын ойыншық таңдау оңай емес. Бұл ретте, ойыншық балаға ұнап қана қоймай, оған қызықты, жасына сай және қауіпсіз болуы керек. Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2013 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Қауіпсіз ойыншықты таңдаудағы басты кеңес – сатушыдан оның сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын тиісті сертификатты талап ету. Сертификаттың болуы ойыншықтардың зертханада зерттелгенін және химиялық, радиа­циялық, токсикологиялық тексеруден өткенін көрсетеді.
Әрбір ата-ана ойыншықтарды сатып алмас бұрын ойыншықтарды зерделеу керек, әсіресе, таңбалануы, ол көп жағдайда сәйкес келмейді. Таңбалауда келесі ақпараттар болуы қажет: ойыншықтың атауы, ойыншықты дайындаған ел атауы, өндірушінің аты мен орны, дайындау­шының тауар белгісі (бар болса), ойыншықтың шикізаты, қандай жастағы балаға арналғандығы туралы пиктограмма, жарамдылық мерзімі, қажет болған жағдайда сақтау шарттары, ойыншықты қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, ескерту жадынамалары, ойыншықты күту тәсілдері (қажет болған жағдайда).
Ақтөбе облысының 2021 жылғы өнімдерінің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде іріктелген ойыншықтарды зертханалық зерттеу нәтижелерінің талдауы бойынша 52,6% таңба талапқа сәйкес келмеді. Кәсіпкерлерге анықталған сәйкессіздіктердің нәтижесі бойынша құқық бұзушылықтарды жою жөнінде 5 ұйғарым белгіленді. Зертханалық жұмыстар негізінде үш ойыншық сертификатының күші тоқтатылды. Бала – келешек жалғасы. Ал оның қауіпсіздігі мен денсаулығы алдыңғы орында болуы тиіс. Ойыншық өндірісі мен осы сала сатушылары ең алдымен осыны естен шығармау тиіс.

Ж.Құдайберген

Порядок начинается с каждого 

В КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА БЛАГОДАРЯ СОЦИАЛЬНЫМ...

Стратегический прорыв в АПК

Реализация крупных инфраструктурных проектов в агропромышленном секторе Туркестанской области...

Высокий порог ответственности

ПРЕДСТАВЬТЕ СЕБЕ СИТУАЦИЮ: ВО ВРЕМЯ ДВИЖЕНИЯ АВТОБУСА К ВОДИТЕЛЮ,...

В центре реформы – человек

КОМИССИЯ ПО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ ПРЕДСТАВИЛА ПРОЕКТ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ, НАПРАВЛЕННЫЙ НА УКРЕПЛЕНИЕ ПРАВ И СВОБОД ГРАЖДАН И ПЕРЕРАСПРЕДЕЛЕНИЕ ПОЛНОМОЧИЙ МЕЖДУ ВЕТВЯМИ ВЛАСТИ.