12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Пробация есебіндегілерге түсіндірме жұмысы жүргізілді

Қызылорда қалалық пробация қызметкерлері тұрақты негізде Қызылорда қалалық прокуратурасымен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесулер өткізеді.
Есепте тұрған тұлғалармен кезекті кездесуге бөлім прокуроры А.Асқар қатысып, сотталған азаматтарға қайта қылмыс жасамау керектігін , қылмыстың өтеуі-жаза екенін түсіндіріп, сот жүктеген міндеттерді орындап жүрсе, белгіленген мерзімде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатынын айтты.
Одан соң сотталған азаматтарға №8 аймаққа қарасты жергілікті полиция қызметінің инспекторы полиция капитаны Б.Жандуллаев тұрғылықты мекенжайы бойынша заңды тіркеуде болу жөнінде ескерту жасады.
Пробацияның психолог инспекторы әділет аға лейтенанты С.Құрымбаев сотталған азаматтарға психологиялық тұрғыдан түсіндірме жүргізді.
«Кездесуде маңызды кеңестер айтылды. Бұдан бұлай өзімнің мінез-құлқыма есеп беріп, заңсыз іс-әрекеттерге бармай тек сот жүктеген міндеттерді орындайтын боламын. Бізге барынша қолдау көрсетіп, қоғамға тез сіңісіп кетуімізге жұмыс жасап жатқан пробация қызметіне алғысым шексіз,-деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...