12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында жергілікті бюджетті қосымша түсімдермен қамтамасыз ету жоспары бекітілді

Биылғы жылдың 1 мамырына Алматы облысында мемлекеттік бюджетке түсетін кірістердің жоспары 120,6%, соның ішінде жергілікті бюджет 134,8% орындалды. Жалпы 276,5 млрд. теңгеден астам түсімдер түсті, оның ішінде жоспардан тыс түсімдер — 47 млрд. теңге. Дегенмен облыста 12 млрд теңгеге жуық салық бойынша берешек бар және осы салада туындаған басқа да өзекті мәселелер жасырын емес.. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен бюджетке түсетін салықтар және басқа да түсімдер туралы өткен жиналыста талқыланды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған тақырыпқа қатысты Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Талғат Қозбеков баяндама жасады. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталған баяндамашы жергілікті бюджетке қосымша түсімдердің түсуін қамтамасыз ету үшін уәкілетті және мемлекеттік органдар 2022-2023 жылдар аралығында бірлесіп атқаратын іс-шаралар жоспарын ұсынды. Оған бірнеше мәселе енгізілді. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды әкімшілендіру, ауыл шаруашылығына бөлінген субсидиялар бойынша салықты өндіру, еңбек иммигранттарын тіркеу, тіркелмеген жұмыс орындарын анықтау, инвестициялық жобалар бойынша салық түсіміне бақылау жасау, қайта іске қосылған нысандар салығының дер кезінде және толық төленуі, жер салығын бекіту сияқты көптеген тақырыптар қамтылды. Баяндамашы жоспардың әр тармағына кеңінен тоқталып, жұмыс тиімділігін арттыру шараларын атап өтті. Департамент басшысының сөзіне сүйенсек, алдын ала есептеулер бойынша биылғы жылы қосымша — 10,7 млрд теңге, 2023 жылы — 11,9 млрд. теңге түсім күтілуде.

Жиында облыс әкімі кейбір аудандарда былтырғы жылға қарағанда қосымша түсімдер көлемінің азайғанын айтты. Соның ішінде Іле, Алакөл аудандары мен Талдықорған қаласы аталды. Мәселен, Іле ауданында бұл көрсеткіш 227 млн. теңгеге, Талдықорған қаласында 61,1 млн. теңгеге, Алакөл ауданында 21,1 млн. теңгеге азайған. Ал жалпы көлемі 5,7 млрд. теңге болған берешек сомасы негізінен 4 өңірге тиесілі: Қарасай ауданы – 2,2 млрд. теңге, Талдықорған және Қонаев қалалары – әрқайсысы 1,2 млрд. теңгеден, Іле ауданы – 1,1 млрд. теңге.

Қанат Бозымбаев аталған аудан әкімдері мен аудандық салық департаменттері басшыларынан қосымша түсімдерді арттыру бағытында қандай шаралар атқарылып жатқанын сұрап білді. Қонаев қаласына қатысты:

— Қонаев қаласы облыс орталығы болды, соған сәйкес алдағы уақытта даму нүктесіне айналатынын жақсы білесіздер. Келесі жылдан бастап қалада құрылыс қызады. Егер жергілікті құрылыс компаниялары бүгін  берешек болса, ертеңгі күні қалай жұмыс істейді? Бұл мәселені дұрыстап қараңыздар, — деп ескертті облыс басшысы.  Сол сияқты Қанат Бозымбаев мемлекеттік сатып алу бойынша жергілікті жерлерде жұмыс жүргізетін компаниялардың жұмыс ауқымы үлкен, жұмысшылар саны көп болса, оларға сол аудан-қалалардан филиал ашуды ұсыну керектігін айтты. Бұл жұмыс сапасына да, салық түсіміне де оң әсер ететін шара болмақ.

Жиын барысында полиция департаменті тарапынан салынған айыппұлдардың өтелуін, жалға берілетін және коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерді пайдаланғаны үшін төленетін салықтардың дер кезіндегі түсімін, салынып қолданысқа берілген жылжымайтын мүліктердің тіркелуін бақылау және бюджет түсіміне қатысты өзге де мәселелер талқыланды.

Облыс экономикасының тұрақты өсімі үшін және халықтың табысы мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда салық түсімінің маңыздылығын атап өткен Қанат Бозымбаев:

— Жиналған салық – елді өркендетудің маңызды бөлшегі. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдар өзара бірлесіп, салық базасын ұлғайту арқылы бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету керек. Мемлекеттік сатып алушылардың жалған компаниялармен есеп алмасу мәселесіне мониторинг тұрақты жүргізілуі тиіс. Аудандарда жеке қосалқы шаруашылыққа  бөлінген жер телімдеріне тексеру жүргізуді, анықталған жылжымайтын мүліктің тіркелуін және оның бағалауын қамтамасыз етуді тапсырамын, — деді.

Сол сияқты облыс аумағында 2 469 салық төлеуші қоршаған ортаға жағымсыз әсері үшін эмиссия төлемегенін, бұл сома 199,7 млн. теңге болып отырғанына тоқталды. Өңірде 14 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны тіркелсе, соның 6-уының осындай төлемдерді дер кезінде төлемегені анықталып, өндіріліп алынған. Ал облыста қалдық сақтайтын, көметін осындай 313 орын бар екен. «Сондықтан оларды тіркеуге алып, тиісті төлемдердің түсуін, олардың қоршаған ортаны ластау әрекеттерін бақылау керек. Бүгін жан-жақты талқыланған уәкілетті және мемлекеттік органдар арасындағы 2022-2023 жылдар аралығында бірлесіп жұмыс атқаруға арналған іс-шаралар жоспарын бекітеміз. Жоспарда көрсетілген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік кірістер департаментіне тиісті мәліметтерді уақытылы жолдап отыратын боласыздар», — деді Қанат Бозымбаев қорытынды сөзінде тиісті мемлекеттік органдар басшыларына. 

Өз тілшіміз.

Алматы облысы.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...