Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №1-2 Көкпекті аудандық пробация қызметі қызметкерлері және Көкпекті аудандық ПБ ЖП қызметкерлерімен 16-20 мамыр аралығында «Есепте тұрған» атты жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Ол аумақтық пробация қызметтерінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың қайталануының алдын алу және жаза өтеуден қасақана жалтарып, іздеуде жүрген тұлғаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл шара ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің жергілікті атқарушы органдармен және Шығыс-Қазақстан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметімен өзара бірлескен іс-қимыл жасауын жақсарту бойынша 2022 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарының 6-тармағының аясында жүзеге асырылады. Онда №1-2 Көкпекті аудандық ПҚ есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар күндізгі және кешкі уакытта тұрғылықты жері, жұмыс орны және оқу орны бойынша тексеріледі. Әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру және қылмыстың қайталануын уақыттылы анықтау үшін жүргізеді.
А.Аубакиров,
ШҚО бойынша ҚАЖД №2 Көкпекті аудандық ПҚБ аға инспекторы,
әділет майоры