12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ұмытпау үшін еске аламыз

Мамыр айының үшінші жексенбісі – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Дүниежүзілік күні. Биыл бұл күн 15 мамырға түсіп тұр.
Дүниежүзілік еске алу күні ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету, қоғамды ақпараттандыру және жұмылдыру, ЖИТС індеті әрқайсысымызға әсер етуі мүмкін деген ойды қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Оны алғаш рет 1983 жылы Сан-Францискода (АҚШ) ЖИТС проблемасынан жеке зардап шеккен (немесе олардың жақындары) американдықтар тобы ұйымдастырды. Дәстүр бойынша, бұл күні «Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ індеті санынан көппіз» тақырыбы аясында жастармен кең көлемді іс-шаралар өткізіліп, көшелер мен алаңдарда шырақтар жағылады.
Есте сақтаудың және індеттен зардап шеккен адамдармен ынтымақтастықтың бір белгісі – 1991 жылы суретші Фрэнк Мур ойлап тапқан қызыл таспа. Жақындарды еске алу үшін олардың есімі жазылған құрақ көрпе (квилт) тігу дәстүрі де бар. Бірінші көрпені 1987 жылы американдық Клайв Джонс жасап, оны ЖИТС-тен қайтыс болған ең жақын досына арнады.
Заманауи медицина жетістіктерінің арқасында АИТВ-инфекциясы бұл күні созылмалы ауру түріне көшті. Антиретровирустық емдеуді уақытылы бастау және дәрігердің барлық нұсқауын орындау арқылы АИТВ жұқтырған адамдар ұзақ және қалыпты өмір сүре алады. Осы препараттардың арқасында АИТВ-сі оң адамның өмір сүру деңгейі АИТВ-сыз адамның өмір сүру сапасынан еш кем емес.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының есебіне сәйкес, әлемде иммун тапшылығы вирусын жұқтырған 42 миллионнан астам адам өмір сүреді және күн сайын бұл көрсеткіш тағы 14-15 мыңға артады. АИТВ жұқтырғандардың басым бөлігі – 30 жасқа дейінгі жастар. Соңғы 25 жылда ЖИТС-тен 25 миллионға жуық адам қайтыс болды.
Алматы облысында 31.03.2022 жылғы есеп бойынша АИТВ жұқтырған 4103 азамат тіркелді, 100 000 адамға шаққандағы көрсеткіш 197,4 құрайды. Бұл адамдардың 33,9% инъекциялық есірткі тұтынушылар, гетеросексуалды жыныстық жолмен берілу үлесі 60,67% құрайды. 2022 жылдың 3 айына біздің облыста АИТВ жұқтыр­ған 71 жаңа жағдай тіркелді.

А.Кенжебекова,
Алматы облыстық ЖИТС-тің
алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...