Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың діни сауаттылығын арттыру және экстримизімнің алдын алу мақсатында Қармақшы аудандық жастар ресустық орталығы мен пробация қызметінің ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында кездесу өтті.
Шараға арнайы «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Өміржан Тобжанов және дінтанушы Жалғасбек Ысқақов шақырылды.
Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат – пробация есебіндегі сотталған азаматтарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс беру.
Кездесу барысында мамандар қатысушыларға ислам дінінің шығу тарихын және исламның қадір-қасиеті адамзат үшін басты құндылық екендігін айтып, сотталғандарға дәріс оқыды. Дінтанушы маман есептегі азаматарға рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігін, дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты дін саласында оқыған білікті мамандардан сұрау, діни ақпаратты интернеттен қолданар кезде сақ болу керек деді.
Кездесу соңында сотталған азаматтар діни ағымдар жөнінде көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ой бөлісті.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД