12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Қазақстан болашағы қазақ тілінде»

Әрбір жүрегі елім деп соққан адамның өзінің халқына, тіліне деген ерекше сезімі болатыны сөзсіз. Ұлттық санасы ояу ғана адамның өз елінің шын жанашыры екені белгілі. Халқымыздың халықтығының басты белгісі – тілі болса, оның көркеюі үшін әлі де талай жұмыстар жасалуы қажет.   

Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болумен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде де өте маңызды дәнекерлік міндет атқарып келеді. Қабырғалы ел ата-бабадан мұра болып қалған және қазіргі уақытта жаңа синтезге, жаңа бейнеге, жаңа кейіптерге айналып үлгерген біртұтас зерделі, аңсар-мұратты, ғылыми жетістіктер мен байлықтарды игере алатын құдіретті тіл арқылы ғана мәңгілік тұрақтылығын сақтай алады. Себебі, халық қай деңгейде тілдің бай қоры мен көркемділігін сақтап сөйлейтін болса, соғұрлым өрелі ойлайды; қай деңгейде ойласа, сол аяда сөйлейді.                         

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан «Мен қазақпын» деп бас көтергенен бастап, арада екі онжылдықтың үстінде уақыт өтті. Осы азды көп уақытта еліміз көптеген жетістікке, биіктерге жете білді. Халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, заң, өнеркәсіп, ғылым, экономика, денсаулық сақтау салалары өз алдына даму үстінде. Алайда, «Жаман айтпай — жақсы жоқ», — дегендей бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі — тіл мәселесі болып отыр. Қазақ тілін дамытуда әр сала өз үлесін қосуы керек. Тек сонда ғана әр қазақстандық қазақ тілін игеріп, еркін ойын жеткізіп, сөйлесе алатын болады. Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді құрметтемейді.

Әр ұлт ғасырлар бойы қалыптасқан өзіне тән тілімен, салт дәстүрімен ерекше. Біз үшін Қазақстан – біздің Отанымыз, ал Отанымыздың тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты «Мемлекет өз тарапынан тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр, бүгінгі күні қазақ тілінің тиісті мемлекеттік мәртебесі бар. Тиісті заң бар. Ол іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол заң кез келген жерде мемлекеттік тілде сөйлеуге, кез келген қағазда мемлекеттік тілде жазуға, қажет жерінде сол тілде жауап алуға жағдай жасайды. Әлі-ақ, қазақ тілі тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады, тек оны насихаттай білуіміз керек. Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуы тиіс», — деді.

Осы орайда, патриотизм мен жалпы адамзаттық ынтымақтастыққа тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселелері тиісті деңгейде қолға алып отыр.

Райгуль Имангалиева, 

Орал қаласының №2 сотының бас маманы.

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...