Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Ұлы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында, қызметкерлерінің балалары арасында ұйымдастырған байқауына 16 балақай өздері салған суреттерін жолдаған болатын.
Байқаудың қорытындысымен, «Соғыссыз өмір», «Бейбітшілікті сақтаңдар!» тақырыптарында сурет салу байқауынан І орынды Ақтөбе қаласының Астана ауданының пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет капитаны Әлия Ақтаубаеваның ұлы 7 жасар Аңсар Сисенбаев иеленіп, департамент бастығының атынан диплом және «JUNGLE park» ойын-сауық орталығына бір рет тегін бару сертификатына ие болды.
Аталған байқауда ІІ орынды иеленген Ақтөбе қаласы Алматы ауданының пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет капитаны Рсалды Кужамуратованың ұлы 11 жасар Досжан Кужамуратовқа және ІІІ орынды жеңіп алған Ақтөбе қаласы Алматы ауданының пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Турин Досжанның ұлы 9 жасар Қуаныш Нұрханға департамент бастығының атынан диплом және «Детский мир» дүкенінен сыйлық картасы берілді.
«ҚАЖ қызметкерлері балаларының арасында сурет салудан өткен байқаудың мақсаты — жас ұрпаққа бейбітшілік, соғыссыз өмірді насихаттау болып табылады»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.
Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі