Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеуге орай Алматы облысы ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. ҚАЖ қызметкерлері қаза тапқан соғыс ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Салтанатты іс-шараны өткізу барысында, үздік қызметкерлерді департамент бастығы мерекелік медальдармен, Грамоталармен және Алғыс хаттармен марапаттады.
«Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні бірінші кезекте өз Отанына деген адалдықты, Отан алдындағы азаматтық парызды адал атқаруға бастайтын, тәрбиелейтін мерекелер екені мәлім.Қашанда ерлікке орын бар. Бұған дәлел, қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қызметкерлердің жанқиярлық қызметі», — деп атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД.