Ұлы отан соғысының бірінші күнінен бастап орта медбике қызметкері қатарына шақырылған, 07.10.1920 жылы туылған Оксана Демидовна Бетебаеваны, Қонаев қалалық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Ұлы Жеңіс мерекесіне орай құттықтап, Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі үшін, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерлігі үшін жылы лебізімізді білдірдік.
Қантөгіс майданда жарақат алған жауынгерлер мен офицерлерге көмек көрсеткен дәрігерлер мен медбикелердің жанқиярлық еңбегін, олардың Жеңіске қосқан үлестері үшін «майдан періштелері» деп атаған.
Ұлы Отан соғысы адамзат тарихында болған соғыстардың ішінде ең қасіреттісі.
Бүгінгідей айтулы мерекеде өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бакыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД.