Көксу ауданының жастар ресурстық орталығы Көксу ауданының пробация қызметі бөлімшесінің бірлесе ұйымдастыруымен «Ардагерлерге тағзым» атты акция өткізілді.
Шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Иванович Огневті Жеңіс күнімен және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлап, азық-түлік, тәтті тағамдар апарып беріп, жылы лебіздерін білдірді. Огнев Николай Иванович дала майданы құрамында пулемет есебінің командирі болып соғысып, түрлі ұрыстарға қатысып, ауыр жарақат алған. Николай Ивановичтің II дәрежелі «Отан соғысы» марапаттары мен ордендері, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі және 15-тен астам мерейтойлық медальдері бар. Сондай-ақ Николай Ивановичке ҚР ІІ министрі Марат Ахметжановтың бейнеқұттықтауы көрсетілді.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД.