Бүгін Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округінің мобильді кітапханасында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне байланысты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның мақсаты жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Бітіруші түлектерге әскер қатарына қабылдау, жұмысқа орналасу және Қостанай академиясына оқуға қабылдау жүріп жатқандығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараға әскери есеп қызметкері, Теректі аудандық N2 ПҚ-нің қызметкері, Теректі аудандық жастар ресурстық орталығының маманы, Ақжайық ЖОББМ-нің ұжымы қатысты.
БҚО бойынша ҚАЖД Теректі аудандық N2 ПҚ-нің қызметiнiн инспекторы адiлет ағa лейтенанты М.Б.Марленов