12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тілге құрмет-елге құрмет!!!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ-ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…

Алтын күннен бағасың бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз –  бабам тілі, сен қалдың!

Тіл – өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы.

Тіл – ұлттың тірегі. Заңғар жазушы М.Әуезовтың «Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе» деуі тегіннен тегін емесі анық.

Тіл – ұлттың жан дүниесі. «Тіл тағдыры –  ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтау жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешіреді. Қазақтың тілінсіз Қазақ мемлекеті болу мүмкін емес. Егер тілімізден айырылсақ , ұлтымыз да жоқ.

Қазақ тілі – әлемдегі өте бай, ең нақышты, мәнерлі тілдердің бірі екенін әлем ғалымдары мойындаған. Халқымыздың біртуар перзенті М.Жұмабаев: «Ұлттың ұлы болуы үшін шарт – тіл болуы. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындаған екпінді тарихы, сары далада үдері көшкен тұрмысы – бәрі көрініп тұр» –  деп тіл жайында терең толғанған екен.

«Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл» деген, А.Байтұрсынұлы.

Тіл меңгеруде, өз тілінде еркін сөйлесуде ата-ананың да рөлі ерекше. Әр ата-ананың ақ сүтінен дарыған тілін үйретуді қолына алса, бұл ана тілінің ешқандай қиындығы жоқ.

Ана тілін білмеген ақылы жоқ желік бас. Ана тілін сүймеген халқын сүйіп жарытпас – деген сөзде терең мағына жатыр емес пе? Кей мекемелерде қазақ пен қазақ, ұстаз бен шәкірт, ана мен бала қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқылығын толтыру сіз бен біздің қолымызда… 

Н.Бейсебек,

Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісі

                                                                   

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...