12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбеде есепте тұрған азамат бизнес жобасын қорғап, 1 млн 225 мың теңге қайтарымсыз грант ұтты

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат, «сүт өнімдерін дайындау және өткізу» бойынша бизнес жобасын қорғап, 1 млн 225 мың теңге болатын қайтарымсыз грант ұтты.

Бизнес жобаларды қарайтын комиссия отырысында барлығы 7 жоба ұсынылған болса, оның ішінде Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация есебінде тұрған сотталғанның бизнес-жоспары мақұлданып, оның кәсібін дамытып, кәсіпкер атануына осылайша мүмкіндік берілді.

«Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың пробация қызметкерлерінің ықпалымен әлеуметтік бейімделуі, яғни жұмысқа орналасуы немесе өз кәсібін ашулары олардың қоғамға тез бейімделіп, қайта қылмыстың алдын алуға көмектеседі,»- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Айта кету керек, бұған дейін пробация есебінде тұрған сотталған Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробациясы қызметкерлерінің қолдауымен «Атамекен» ҰКП- ның «Бизнес-бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курстарында білім алған болатын.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...