Үш айда отандық әуе компаниялары 2 млн жолаушы тасымалдады

Тасымалданған жолаушылар саны былтырмен салыстырғанда 5% артты. 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,9 млн жолаушыны құраған болатын. Сонымен қатар, көрсеткіштің пандемия басталған 2020 жылға дейінгі өсімі байқалады. Өсім — 17%, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтық авиация комитеті мәліметіне сенсек, қаңтар-наурызда отандық әуе компаниялары ішкі желілерде 1,5 млн жолаушы (2021 – 1,7 млн жолаушы, 2020 – 1,1 млн жолаушы), халықаралық желілерде – 500 мың жолаушы (2021 – 400 мың жолаушы, 2020 – 400 мың жолаушы) тасымалдаған.

Жолаушылар ағыны Air Astana компаниясында 800 мыңға жуық жолаушыны, FlyArystan мен SCAT компанияларында 500 мыңға жуық жолаушыны құрады.

Үш айда әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны — 3,7 млн. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2% артық.

Бүгінгі күні ішкі әуе рейстерін 5 отандық әуе компаниясы аптасына 613 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша орындайды.

Халықаралық рейстер 77 бағыт бойынша 24 елге қатынайды. Жиілігі — аптасына 319 рейс.

Бұл — Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Үндістан, Иран елдері.

Как подготовиться к осенней хандре: советы психолога Национального госпиталя

С наступлением осени некоторые люди отмечают снижение настроения, повышенную...

Күзгі көңілсіздікке қалай дайындалуға болады: Ұлттық госпиталь психологының кеңестері

Күз мезгілі басталғанда кейбір адамдар көңіл күйінің төмендеуін, шаршағыштықтың...

Алаяқтар обал-сауапты білмейді

Алаяқтардың алдауына түскен азаматтар аз емес. Халықтың құқықтық сауатын...

Тіл – ең асыл құндылық

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі әрі елдің...

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі және оның маңызы

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...