Алматыда 7 мамырда қандай іс-шаралар өтеді?

Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Алматының барлық мектептерінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, мәнерлеп оқу және эссе байқаулары өтеді.

Сондай-ақ, Ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар органдарының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталады.

Алматыда үш күн бойы, 7-9 мамыр аралығында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан сарбаздардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі болады.

7 мамырда сағат 16.00-де Республика сарайында Отан қорғаушылар күніне және ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, ардагерлер мен әскери қызметшілерге құрмет көрсетіледі.

Әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатыр 

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі.

Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды

24 сәуірде Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді – ДСМ 

Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды.

Еуроодақ санкциясының 20-пакетіне Қазақстан компаниясы да ілікті 

Еуропалық Одақ Кеңесі Мәскеуге қарсы санкциялардың жаңа пакетін жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады.