Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Президент 9 мамырда қайда баратынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Президент 9 мамырда қайда баратынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол БАҚ өкілдерінен Президент Жеңіс күні қайда баратыны туралы сауал түсіп жатқанын айтты.

«БАҚ өкілдері Президенттің Жеңіс күні мейрамына орай өткізілетін іс-шараларға қатысуына байланысты сауалдарын жолдап жатыр. Биыл 9 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіндегі Мәңгілік алауға дәстүрлі гүл қою рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Президент 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиынға қатысады», — деді ол.

Сондай-ақ, соғыс ардагерлеріне қандай жәрдемақы беріліп жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл барлық өңірде соғыс ардагерлеріне кем дегенде 1 миллион теңгеден біржолғы жәрдемақы беріліп жатыр. Тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға да материалдық қолдау көрсетіледі. 8-9 мамырда облыс әкімдері деңгейінде соғыс ардагерлерімен және олардың отбасы мүшелерімен арнайы кездесулер ұйымдастырылады. Бүкіл еліміз бойынша «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы өтеді. Соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан қажет көмек алдағы уақытта да жүйелі түрде беріледі», — деді Руслан Желдібай.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...