Ресейдің ірі сауда желілері Қазақстан арқылы тауар жеткізбек

Ресейдің ірі сауда желілері Қазақстан арқылы тауар жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ресейдің ірі сауда желілері «Магнит» және «Лента» бүгінде қазақстандық арналар арқылы Ресей нарығына жеткізу үшін шектелген және олардың тапшылығы туындауы мүмкін тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл бірқатар халықаралық шектеулермен байланысты күрделі процесс», — деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Брифингте Оразалин ресейлік компаниялар тарапынан өз бизнесін Ресейден Қазақстанға, атап айтқанда Алматыға көшіруге қызығушылық танытқандар барын айтты. Бірақ нақты компанияларды айтпады, өйткені барлық ақпарат «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына тиесілі. Өз қызметкерлерінің едәуір бөлігін елімізге қоныс аударуын және Қазақстанда жұмысшылар іздестіруді ресми түрде растаған компаниялар арасында inDriver такси сервисі барын атады.

«Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтті

2026 жылғы 25–27 маусым аралығында республика көлемінде «Пробация» республикалық...

Почему люди верят фейкам?

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ПРЕВРАТИЛИСЬ ИЗ ПЛОЩАДОК ДЛЯ...

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...

Верность профессии

В Алматинском городском суде по случаю выхода в почетную...

 В «серой» зоне 

НОВОСТЬ ОБ ОЧЕРЕДНОЙ БЛОКИРОВКЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСА И ЗАКРЫТИИ САЙТА «КЫЗДАР....