Қазақстандық өнерпаз Ресейдің «Балалар дауысы» жобасында үшінші орын алды

Шымкенттік 11 жастағы Сағын Өмірбайұлы «Балалар дауысы» шоуының суперфиналына өтіп, үшінші орын иеленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Финалда ол «Очи черные» әнін шырқап, көп дауыспен жобаның алғашқы суперфиналисі атанды.

Жобаның суперфиналында «Единственная моя» әнін орындады.

Жоба жеңімпазы Егор Кред командасының сегіз жасар мүшесі Аделия Загребина болды. Оған көрермендердің 40 пайызы дауыс берді.

Бұған дейін Сағынның анасы Гаухар Ордабекова тілшімізге берген сұхбатында финалға жету жолы оңай болмағанын айтқан еді. Олар Мәскеуге тыңдалымға бару үшін ұшақ билеттерін несиеге алуға мәжбүр болған. Жергілікті мәдениет басқармасы шығынды аз  да болсын өтеуге көмектескен, алайда бұл ақша жеткіліксіз болды. Онда тұруға, тамақтануға, сахнаға арналған костюмдерге қаражат қажет еді. Әйтсе де, Сағын финалға өтіп, үміт пен салынған қаражат өзін ақтады.

От инвестиций – к технологиям

В НАШЕЙ СТРАНЕ ФОРМИРУЕТСЯ НОВЫЙ ИНВЕСТИЦИОННЫЙ ЦИКЛ, ОСОБЕННОСТЬ КОТОРОГО...

Адамға бағдарланған мемлекет тұрақтылық кепілі

Адамға бағдарланған мемлекет қағидаты халық мүддесіне қызмет ету арқылы...

Ахмет – ұлттың ұстазы және халық жанашыры

Сан қилы салада еңбек еткен Алаш арыстарының саны өте...

Сот отырысының хатшысы — сот төрелігін жүзеге асырудағы негізгі фигуралардың бірі

Сот төрелігін жүзеге асыру — мемлекетте заңдылық пен әділдікті...

Сот практикасы арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау

Конституция — мемлекеттің басты құқықтық тірегі әрі азаматтардың бостандықтары...