Теннистен жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты

Нью-Делиде өтіп жатқан Азия/Тынық мұхит аймағы чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Қазақстандық жастар Таиландты 2:0 есебімен жеңіп, 2022 жылдың күзінде өтетін командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама ұтып алды, деп Zakon.kz.

ҚТФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дамир Жалғасбай команда қоржынына алғашқы ұпайды салды: керемет қызу ойын өтіп, үш сағаттық матчта үш сетте ол қарсыласына мықты тойтарыс бере алды.

Екінші матчта Заңғар Нұрланұлы да жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы (Дамир Жалғасбай, Заңғар Нұрланұлы, Даниель Тазабеков, команда капитаны Сергей Квак) тарихта алғаш рет елімізге жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне жолдама алып отыр.

Барша қазақстандықтарды осы маңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Жігіттер, ел намысы үшін ойында жұмылудың әрі қайсарлықтың үлгісін көрсете білді. Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың балаларға жекелей де қолдау көрсеткенін айта кеткім келеді, — деді жеңістен кейін «Team Kazakhstan» академиясының директоры Тимур Аққазиев.

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы құрылады

Бұл орталық бауырлас елдердің бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізуіне, мәдени жобаларды және білім беру бағдарламаларын іске асыруына жағдай жасайды.

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді

Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, іргетасын қалады.

Бүгін – халықаралық отбасы күні

15 мамыр – 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешіммен Халықаралық отбасы күні ретінде бекітілді. Алғаш рет 1994 жылы аталып өте бастады.

Қазақстанда 66 мың адам банкрот деп танылды

Қазақстанда ресми банкрот деп танылған азаматтардың 250 млрд теңге қарызы есептен шығарылады.