12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Еститін Үкімет» мүшелері ел аралады

Мемлекетте «Еститін Үкімет» бағдарламасы іске қосылғалы бері халық көптеген игілікті істерге куә болып жүр. Бұған дейін қол жетпестей, сөз өтпестей көрінетін шенеуніктерді, мекеме басшыларын бүгінде қарапайым халық ортасында ел мәселелерінің жайын білетін дәрежеге жетті. Оған қоса онлайндық жүйенің дамуы да мемлекеттік қызметтің абыройын көтеріп, беделін нығайта түсті. Жергілікті әкімдер мен мемлекеттік қызметтегі азаматтар ашықтық пен әділеттілікті, қолжетімділікті осы еститін үкімет бағдарламасының аясында жүзеге асыруды меңгерді. Оған мысал, мемлекеттік қызметтегі азаматтардың елдің жайын өз көзімен көріп, шалғай өңірлерді аралауы.

Мысалы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев арнайы іссапармен Түркістан облысына барды.
Агенттік төрағасының өңірге ресми сапарының мақсаты – облыстың мемлекеттік қызметшілерімен және жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің студенттерімен кездесу, тұрғындар тарапынан туындаған мәселелерді тыңдап, оларды шешу жолын қарастыру.
Алдымен агенттік төрағасы өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен кездес­ті. Жиында Д. Жазықбаев жүргізіліп жатқан реформаларды оңтайлы жүзеге асыруда агенттік алдында тұрған бірқатар мәселені баяндады.
Агенттік төрағасы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің басым көпшілігі өңірлерде ұсынылатынын ескере отырып, оларды тиімді әрі сапалы жүзеге асыру қажеттігін алға тартты.
Оның айтуынша, алдағы уақытта Президенттің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығына сай, агенттік барлық әкімшілік рәсімдерге талдау жасап, әр жарты жыл сайын оның нәтижесін, яғни бюрократия көріністерінің алдын алу бо­йынша нақты ұсыныстарды Президент әкімшілігіне енгізеді.
Бұдан әрі, агенттік төрағасы мемлекеттік қызметке іріктеуді жеңілдету бойынша жасалып жатқан бірқатар ұсыныстарға тоқталды. «Жоғары оқу орындары мен колледждерде мемлекет есебінен білім алып, оқу үлгерімінің орташа балы (GPA) жоғары көрсеткіштегі маман иесі атанған жастарды аудандық және ауылдық деңгейлердегі төменгі лауазымдық мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдау ұсынылып отыр. Бұл жас мамандардың ел өңірлеріне оралып, оның дамуына үлес қосуына жол ашып, аймақтарда кадр тапшылығын азайтуға ықпал ететіні күтілуде» – деді Д. Жазықбаев.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар мемлекеттік аппаратқа деген халықтың сенімін арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру, артық бюрократиялық талаптардың қойылуына жол бермеу, облыстағы халық санын ескере отырып өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің санын арттыру төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Осыған қоса, Д.Жазықбаев Ордабасы ауданы және Кентау қаласында азаматтарды жеке қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен танысты.
Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган басшысымен жүздескен аудан және қала тұрғындары жұмысқа орналасу және мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік қолдауға қатысты сұрақтарын қойды.
Сондай-ақ, іссапар аясында Д. Жазықбаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессорлық-оқытушы құрамымен және жас мемлекеттік қыз­метшілер мектебінің студенттерімен кездесті.
Шымкент сапары
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың қызметтік іссапары Шымкент қаласында жалғасты.
Іссапар мемлекеттік қызметшілермен кездесумен басталып, жиында мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртуға қатысты Президент қойған бірқатар міндеттерге тоқталып, мемлекеттік қызмет көрсету бюрократиялық, формальді принциптерге емес, нақты нәтижеге бағдарлану керектігін айтты.
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытылы, сапалы, кедергісіз орындалуы қажет. Мемлекеттік қызмет бюрократияға жол бермейтін, халықтың қажетіне бағдарланған сервистік сипатта ұйымдастырылған кезде қалыптасқан олқылықтар еңсеріліп, мемлекеттік аппараттың жұмысы жаңа деңгейге көтерілері анық. Жасалып жатқан реформалардың барлығы да ел игілігіне бағытталып отыр. Мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртудың да басты мақсаты – «халық үніне құлақ асатын» мемлекеттік аппарат қалыптастыру», – деді Д. Жазықбаев.
Агенттік төрағасы Әдеп жөніндегі комиссиясына жекелеген саяси қызметшілер өңірлер (облыстар, рес­публикалық маңызы бар қалалар, аудан) әкімдері мен орынбасарларының және «А» корпусына жататын қызметшілердің (комитет төрағаларының, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттары басшыларының) жауапкершілігін қарау өкілеттіктері берілгенін баяндады.
Бұған қоса, төраға тұрғындармен тілдесіп, оларды толғандырған жер қатынастары, жер комиссиясы және мемлекеттік қызметшілердің әдебі туралы сауалдарына жауап берді.
«Жастар ресурстық орталығында» өткен еркін форматтағы пікір алмасу кезінде төраға жастардың толғандыр­ған сұрақтарына жауап беріп, оларды талапшыл, еңбекқор әрі адал болуға, үздіксіз білім алуға шақырды.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

ИСКОРЕНИТЬ СОЦИАЛЬНОЕ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Выступая на первом форум работников сельского хозяйства, Глава государства...

Киберзавры против кибер-мошенников

В Шымкенте стартоал образовательный проект «Киберзары», направленный на повышение...

Книги на автобусных остановках

Современный мир становится все более цифровым. И это касается не...

Поддерживая демократические процессы

В Санкт-Петербурге прошло 57 пленарное заседание Межпарламентской Ассамблеи СНГ,...

В борьбе с виртуальной преступностью

На недавнем заседании Международного совета при Верховном Суде Республики...