12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Зарема ШАУКЕНОВА, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, ҚР ҰҒА академигі: «Адам құқықтарының сақталуы – мемлекеттік саясаттың басым бағыты»

Еліміздегі адам құқық­тарын қорғау саласындағы соңғы өзгерістер мен толық­тырулардың маңызы неде деп ойлайсыз?
– Есіңізде болса 2021 жылы Президенттің «Қазақстан Рес­публикасының адам құқық­тарын қорғау саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығы қабылданды. Бұл қадамды сарапшылар да, халықаралық қоғамдастық та оң қабылдады.
Адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету елдегі саяси күн тәртібінің басым бағыты болғандықтан, ондағы іс-шаралар жоспары бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігі туындады. Осы мақсатта Мемлекет басшысы 2022 жылғы 13 сәуірде «Қазақстан Респуб­ликасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» ҚР Президентінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 597 жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, Үкіметке адам құқықтары және заң үстемдігі саласындағы шаралар жоспарын бекіту тапсырылды. Онда бірқатар жұмыс бағыттары көрсетілген. Атап айтқанда, әйелдерді кемсітуді жою, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету мәселесі бар. Сондай-ақ, бірлесу бостандығы құқығы, мүгедектігі бар адамдарға қатысты жұмыс­тар жүргізілуі тиіс. Қылмыс­тық сот төрелігі, жазаны атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтарын да сақ­тауды ілгерілету көзделіп отыр.
Қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгездіктің алдын алу да Президенттің ерекше бақылауында емес пе?
– Мемлекет басшысы 16 нау­рызда Парламентте осы мәселені көтерді. Оның қарсаңында Мәжіліс қабырғасында Қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің аралық қорытындысы талқыланды. Бұрын-соңды мұндай кең талқылау бізде болған емес. Жиын барысында құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, сондай-ақ, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова сөз сөйледі.
«Азаматтардан менің атыма түскен 137 өтініштің 86-сы азаптау немесе басқа да қатыгездік әрекеттеріне қатысты. Ресми статистикаға сәйкес, 2022 жылғы 13 наурызға дейін азаптау және қызметін асыра пайдалану фактілері бойынша 243 қылмыстық іс тіркелген. Біз қазір азаптау көрсеткендерге жауапкершілікті күшейту және азаптаудың алдын алу тетіктерін енгізу мәселесін құқық қорғау органдарымен бірлесіп талқылап жатырмыз. Азаптауды, күш қолдануды, қорқытуды, сондай-ақ, өзге де қатыгездік тәсілі арқылы алынған дә­лелдемелер заңға сәй­кес жарамсыз деп танылады. Осыған байланысты омбуд­смен қамауда ұстау мен тергеудің рұқсат етілмеген әдістері туралы істерді тергеуді кейінге қалдырмау өте маңызды», – дей келе, бірқатар деректер кел­тіріп, өз ұс­та­нымын жет­кізген. Ал Сыбайлас жем­қорлық­қа қар­­­сы іс-қимыл агенттігінің төр­ағасы Олжас Бектенов депутаттарға аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары қыз­меткер­ле­ріне қа­тысты қыл­мыстық істер тер­геліп жат­қанын айтты.
– Мем­лекет басшысының жолдауында қаңтардағы қайғылы оқиғаға тиянақты баға берілді ме?
– Иә, Пре­зидент «нағыз қылмыс жасаған адамдар заң алдында то­лығымен жа­уап береді. Бас­қаша әрекет ету, яғни, бедел жинау үшін байба­лам салып, қосақ арасында жүргендер мен арандатушыларға жеңілдік жасау – жазықсыз құрбан болған жандардың аруағын сыйламау деген сөз», – деді. Сондай-ақ, біз құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған адамдарды тергеу барысында тыйым салынған тәсілдерді қолданғаны, тіпті, оларды азаптағаны туралы фактілер болғанын ашық айттық. Орта ғасырлардан қалған осындай жабайылық кез келген өркениетті қоғамның қағидаттарына қайшы келеді. Бұл – біз үшін де мүлде жат қылық деп ескертті.
– Құқық қорғау институттарын нығайтудың маңызы артты деп есептейсіз бе?
– Басқалар секілді полиция қызметкерлерінің де кемшіліктері бар. Олардың қауіпті және тез әрекет жасауды талап ететін оқиғаларға жиі тап келетінін бәріміз мойындаймыз. Бірақ баршаға белгілі құқық бұзушылық істерді «өте әсірелеу» немесе жекелеген «жаман полицейлердің» ісі деп мәлімдейтіндер мынаны естен шығарып алады. Мұндай қадам арқылы адам құқықтарын бұзуды ақтайтынымызды ұмытып кетеді. Осылайша, заңның әділдігін қамтамасыз етіп, оны күзетуі тиіс адамдарға, – полицияға деген сенімге нұқсан келтіреміз.
Жолдауда азаптауға байланысты қылмыстарды тергеуге жүйелі тәсілді енгізу қажеттігі айтылған. Бұған жауапты орган – Бас прокуратура. Бұл тәсіл тергеудің объективтілігі мен бейтараптығын қамтамасыз етеді. Құқық қорғау саласында озбырлық жасағандарды жазаға тартуға жол ашады.
Сондықтан Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығын жүзеге асыру жоспары еліміздің заңнамасын жетілдіруге басымдық бермек. Атап айтқанда, дене күші мен арнайы құралдарды қолдануды шектеу, Ыстамбұл хаттамасына сәйкес азаптау істерін тергеп-тексеру әдістемесі бойынша ұсыныстар әзірлеу көзделген. Сондай-ақ, азаптауға қатысты шағымдар иесінің құпиялылығын қамтамасыз ету де көзделген.
Жалпы, бұл жарлықтың қабылдануы мемлекетіміздің саясаты адам құқықтары саласындағы баршаға ортақ халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталғанын көрсетеді. Сондай-ақ, азаматтарымыздың құқықтары мен бос­тандықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді мақсатты түрде жүзеге асыратынын білдіреді.
– Сұхбатыңызға рақмет!

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Советхан СӘКЕНОВ, құрметті демалыстағы судья: «ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ МЕМЛЕКЕТ ДАМЫМАЙДЫ»

– Советхан Сәкенұлы, құрметті демалысқа шыққаныңыз құтты болсын! Зейнетке...

Мұхтар ЖҰМАҒАЗИЕВ, қоғам қайраткері, экс-сенатор: «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАРТЫМСЫЗ»

– Елімізде ауыл шаруашылығының әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңызы зор....