Досаев жол сапасына наразы алматылықтарға жауап берді

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде жол сапасына наразы тұрғындарға жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала басшысы тұрғындардың сауалдарына жауап бермес бұрын баяндама жасады. Ол сапалы ауыз су, кәріз және жол мәселесіне жан-жақты тоқталды.

«Аудан тұрғындары жолдарды асфальттау мәселесін жиі көтереді. Бір жолды екі рет қазып, қайта салу дұрыс емес деп есептеймін», — деді Досаев.

Оның айтуынша, Алатау ауданында тұрғындардың 75 пайызы орталық сумен, 67 пайызы қалалық кәрізбен, 80 пайызы асфальтталған жолдармен қамтылған.

«Бұл желілерді жобалау және салу жұмыстары 2019 жылдан бастап «жаңа Алматы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы Алғабас шағын ауданында (бірінші және екінші кезектер) су құбыры және кәріз желілері пайдалануға беріледі. Үшінші тоқсанда Алғабас (үшінші кезек) және Теректі шағын аудандарында желілердің құрылысы басталады. Рахат-Мәдениет және Боралдай шағын аудандарындағы жұмыстарды 2023 жылдың наурыз айында бастау жоспарланып отыр.

Ақбұлақ, Әйгерім-2, Самғау және Шаңырақ-1 шағын аудандарында сумен жабдықтау және кәріз жүйесі аяқталған жоқ. Салынған желілер іс жүзінде жойылмаған ақауларға байланысты жұмыс істемейді, бұл мәселелерді шешу бірнеше жылдарға созылды. Алайда, осы жылдың 10 мамырына дейін бес шағын ауданның (Әйгерім-2, Өжет, Самғау, Ақбұлақ, ААМТМ-Алғабас) сумен жабдықтау және кәріз объектілерінің құжаттарын «Алматы Су»-ға беруді жоспарлап отырмыз», — деп толықтырды Досаев.

Әкім жеке тұрғын үйлерді салуда құрылыс нормаларының сақталмауы және құрылыстың тығыздығы кәріздік сорғы стансаларын салуда қиындықтар туғызатынын атап өтті. Оның айтуынша, көбінесе сот шешімін талап ететін, кедергі келтіретін ғимараттар жобаларды жүзеге асыруды айтарлықтай кешіктіреді.

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

Коррупция является одной из наиболее серьезных проблем современного общества....

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлық-қазіргі қоғамның ең маңызды мәселелерінің бірі. Бұл мемлекетке...

Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылардың қатарына...

Казахстан вошел в число лидеров промышленного роста в ЕАЭС по итогам 2025 года

Казахстан стал одной из стран-лидеров Евразийского экономического союза по...

Потребность внутреннего рынка в минеральных удобрениях составляет порядка 2,3 млн тонн в год

Поводом для депутатского запроса послужило производство минеральных удобрений для...