Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық технологиялар университеті базасында өткізілген «цифрлық құқық негіздері» тақырыбындағы дәріске қатысты, дәріскер Қазақстан Республикасы Парламенті сенаторлары Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ким Георгий Владимирович жүргізді. Дәріс барысында құқтық негіздерді ақпараттық қоғамның электрондық мемлекеттің (электрондық басқарудың) ақпараттық және цифрлық құқықтардың мүмкіндіктері мен негіздері туралы толық мағлұматтар берілді.
Қәзіргі заман электронды сандық дәуірдің кезеңінде құқықтық қызметтерде де цифрлық құрылымдарды іске асыру жүйесімен ұштасытра білу негіздеріне тоқталып, талқылау жұмыстары жүргізілді.
Дәрістен қызметкерлер үлкен тәжірибе алмасып, тың мағлұматтар алып қайтты.